Талдықорғанда гуманитарлық көмек жинала бастады

Талдықорғанда су тасқынынан зардап шеккен аймақ тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинала бастады.

Ол үшін «Жастарға қызмет көрсету орталығы» мен «Аманат» партиясының облыстық филиалында қабылдау пункті ашылды. Ондағы мамандар әкелінген заттарды тізімдеп, рет-ретімен топтастырып жатыр. Игі шараға алғашқылардың бірі болып этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері атсалысты. Олар ұн, қант, кеспе, май сынды азық-түлікті және күнделікті қолданатын қажеттіліктерді жеткізген.

Еркебұлан Ақболатов, «Жетісу жастары» КММ директоры: 

- Гуманитарлық көмек 15 сәуірге дейін жіберілетін болады. Жетісу өңірінен жиырмаға жуық ерікті гуманитарлық көмекті тапсырып сол жердегі ағайынға қол ұшын созып  көмек көрсететін болады.