Қостанай облысындағы су шайған жол бақылауда

Қостанай облысында «Денисовка-Жітіқара-Мүктікөл» тас жолының 76-шы шақырымындағы 200 метрге жуық бөлігін су шайып кетті.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері хабарлады. Қазір тасжол бойындағы жағдай бақылауға алынды. Апат залалын жою үшін 4  техника мен 9 маман жұмылдырылды. Аталған учаскеде екі су өткізгіш құрылғы жұмыс істеп тұр. Әзірге көлік қозғалысына шектеу қойылмады. Тәулік бойы кезекшілік бекітіліп, қажетті жол белгілері орнатылды.