Сотта Салтанат Нүкенованың телефонындағы кіріс және шығыс қоңыраулар қаралды

Астанада алқабилердің қатысуымен экс-министр Қуандық Бишімбаевқа және оның бөлесі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін марқұм Салтанат Нүкенованың телефонындағы мағлұматтар қаралып жатыр. Сот басталғалы мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова байланыс құралындағы барлық кіріс және шығыс қоңырауларын қарап, скриншоттарды оқуға кірісті. Айыпталушының адвокаттары соттан Нүкенованың телефондағы суреттерін үлкен экранға шығаруды сұрады. Алайда марқұмның ағасы Айтбек Амангелді оған қарсы болды. Себебі онда Салтанаттың жеке өмірі бар, – деді. Оның қорғаушысы Жанна Оразбахованың айтуынша, қылмыс болған күні телефон ұзақ уақыт айыпталушының қолында болған. Сондықтан Бишімбаев телефонға тек жақсы суреттерін жүктеп, марқұмның басқа суреттерін өшіріп тастауы мүмкін, – деді.

Еске салсақ, дәл қазір сот процесі Жоғары сот парақшасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.