Тасқыннан зардап шеккен өңірлерге 6 тонна көмек жөнелтілді

«AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы мен жергілікті кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 6 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті, деп хабарлайды 24KZ.

Аталған шара «Күшіміз бірлікте!» акциясы аясында жүзеге асып жатыр. Зардап шеккен аймақтарға хабарласып, ондағы тұрғындарға қандай заттар қажет екенін сұрағанда ең алдымен ересек адамдар мен балаларға арналған резеңке етіктер қажет екені анықталған және алынған аяқ киімдер мен киім-кешектерден тұратын қайрымдылық көмек Ақтөбе облысына жол тартты.

Аслан Көбентаев, «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

- Алматы облысында да арнайы гуманитарлық пункттер ашылып жатыр. Қазіргі таңда резеңке етіктер мен балаларға арналған аяқ киімдерге сұраныс көп, – деді. Осыны ескере отырып, біздің партияластарымыз осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Күшіміз бірлікте! Алдағы уақытта барлығы жақсы болады деген сенімдеміз.