Қ. Бишімбаев соты: С. Нүкенованың денесіне жасалған сараптама қорытындысы оқылды

Астанада алқабилердің қатысуымен экс-министр Қуандық Бишімбаевқа және оның бөлесі Бақытжан Байжановқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова, Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптама қорытындысын оқыды. Онда жабық бас-ми мен сол жақ құлақ бөлігінің жарақаты, мұрын сүйегінің сынуы, беттің және иек аймағының көгеруі, иек тіндерінен қан кетуі және тағы басқа бірқатар жарақат алғаны көрсетілген. Ал оның өлімі гематома мен жабық ми жарақаты салдарынан болған. Жарақаттар орталық жүйке жүйесі жұмысының бұзылуына және жүрек қызметі мен тыныс алуының тоқтауына алып келді, – деді адвокат. Ал айыпталушының қорғаушылары мұнымен келіспей отыр. Бишімбаев болса жарақаттың марқұм дәретханада өзі құлаған кезде пайда болғанын алға тартты.

Еске салсақ, дәл қазір сот процесі Жоғары сот парақшасында тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.