«ҚазАвтоЖол» су басқан жолдарды қалыпқа келтіріліп жатыр

«ҚазАвтоЖол» су алған жолдарды шұғыл түрде қалыпқа келтіріп жатыр.

Павлодар облысы «Атамекен-Ертіс-Русская поляна» республикалық маңызы бар жолында 2 су өткізгіш құбыр орнатылды. Жақын орналасқан елді-мекенді су тасқынынан сақтау шаралары қолға алынды. Еске салайық, 3-ші сәуірде осы учаскеде еріген қар суы жиналып, елді мекенге қауіп төндірді. Тасқынның алдын алу үшін жол бөлігі бұзылып, су арнасын бұру жұмыстары жүргізілді.