Қостанай облысында 3 мыңнан аса адам эвакуацияланды

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов Қостанай облысындағы ахуалды тікұшақпен бақылады.

Өңірде қызыл судан жапа шеккен жұртты құтқару жұмысы күшейтілген режимде жүргізілуде. Тасқын басталғалы 3 мыңнан аса адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұл іске 2000-ға жуық маман, 650 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, мотопомпалар, жүзу құралдары мен әуе кемелері тартылды. Осы уақытқа дейін 763 мың текше метр су сорылды. 52 мың құм толтырылған қаптардан бөгеттер салынған. 1855 инертті материал төселді.