Сергеев бөгетінде су деңгейі көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы бұрын-соңды болмаған межеге жетуі мүмкін.

Таңғы 8-дегі мәлімет бойынша бөгет үстімен ағып жатқан судың деңгейі 3 метрден асып кеткен. Бұл Есіл өзенін бойлай орналасқан 30 елді мекен мен Петропавлға қауіп төндіреді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қала маңындағы Тепличный елді мекені мен Былғары зауыт, Заречный кенттерінде болды. Қазір қауіпті аумақтарда бөгеттер нығайтылып жатыр. Тасқынның алдын алу жұмыстарына коммуналдық қызмет мамандары, әскерилер мен еріктілер жұмылдырылған.

Ромян Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Сергеев су қоймасының ағысы 4 метрге дейін жетуі мүмкін. Сондықтан бүгіннен бастап құрылыс және жол компаниялары негізгі жұмысын тоқтатып, тасқынға жұмылдырылады. Тасқын жағдайы қатаң бақылауға алынған.