Қызыл судан зардап шеккен аумақтар күзетіледі

Қызыл судан зардап шеккен аумақтарда күзет күшейтілді.

Соның арқасында ұрлау-тонау деректері тіркелген жоқ. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлімдеді. Оның айтуынша, табиғи апаттан зардап шеккен 39 аудан қоршауға алынды. Қараусыз қалған 1266 тұрғын үй мен түрлі нысан тәулік бойы күзетіледі. Әсіресе Абай, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік және  Батыс Қазақстан облыстарында жағдай жіті бақылауға алынды.