Жылыой ауданынан 17 мыңнан астам адам эвакуацияланды. LIVE

Маңғыстау облысына Жылыой ауданынан 17 мың 600 адам эвакуацияланды. Олардың 15 мыңы Бейнеу ауданына жайғастырылды. Атырау өңірімен шекаралас Боранқұл ауылында 7 мың 300 адам эвакуациялық пунктерге орналасып жатыр. Бұл орындар жергілікті колледж, мектептерде құрылды. Бейнеуден Талғат Исламұлы тікелей байланысқа қосылды.

Талғат Исламұлы, тілші:

- Жылыойлықтар Бейнеудегі 2 колледж және 11 мектепте құрылған эвакуациялық пунктке жайғастырылды. Қазір біз тұрған Күйкен орта мектебіне 20 отбасы, шамамен 90 адам орналасқан. Бұл жердегі 5 оқу кабинетіне төсек-орын қойылып, тағы 2 бөлме асхана және қойма ретінде қолданылып отыр. Дәл қазіргі сәтте мұғалімдер мен еріктілер халықтан келген гуманитарлық көмекті сұрыптап жатыр. Мектепте дәрігерлер медициналық көмек қажет азаматтарға қабылдау жүргізіп жатыр. Атырау өңірі тұрғындарының пікірін тыңдайық.

Бәку Талпақова, Құлсары қаласының тұрғыны:

- Мына жерге мен 4 немере, бала-келініммен келдім. Ер азаматымыз көлдің қасында қалды. Жолдасым қалды, балам қалды сол жерде, қол көмегін жасап жатыр. Кеше кешкісін келдік, қондық. Барлық жағдайды жасап жатыр.

Ажаргүл Тұрдымұратова, Атырау облысының тұрғыны:

- 25 адам болып келдік. Шүкір, 2 қызым бар. Әрқайсысынан 4-5 немерелер, жиендерім бар. Алғысымыз шексіз. Кішкене судың деңгейі түсіп жатыр, –  дейді. Құлсарыдағы халқыма төзімділік тілеймін.

Талғат Исламұлы, тілші:

- Ал Бейнеу ауылына Жылыой ауданынан 8 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Кейбірі туыстарының үйіне орналасқан. Бір айта кетерлігі, жергілікті тұрғындар эвакуциялық пунктерге келіп, бірнеше адамды үйіне алып кетіп жатыр. Уақытша орналасу орындарына кәсіпкерлер, еріктілер азық-түлік, киім, гигиеналық заттарды әкеліп жатыр. Жалпы Бейнеу ауданы бойынша қосымша 1600-дей жатақ, орын дайын тұр.