ҚХА волонтерлері құтқарушыларға ауызашар берді

Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлері теріскейлік құтқарушыларға көмектесіп жүр.

Олар Рузаев ауылында тасқынға қарсы шараға жұмылдырылғандарға азық-түлік тасымалын ұйымдастырып, ауызашар берді. Қазір елді мекенде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 15 адамнан құралған топ жүр. Дәл осындай игі шараны ассамблея мүшелері су басқан өзге де ауылдарда өткізуді мақсат етеді.

Азамат Ғабдуллин, ТЖД жедел басқару орталығы бастығының орынбасары:

- 13 адам және 3 бірлік техникамен Рузаевка ауылына келдік. Бұл жерде бізді екі топқа бөліп, Тахтаброд ауылына 6 адам жібердім. 7 адам осында қалды. Атқарған жұмыстармыз қапшықтарға құм жинап, көшелердегі арықтарды тазаладық. Бүгін жеке құрамға ауызашар беріп жатыр. Бізде 6 адам ораза ұстайды. Алғысымды білдіргім келеді.