Алматылық құтқарушылар Қостанайға көмекке аттанды

Алматылық құтқарушылар су басқан Қостанай өңіріне көмекке аттанды, деп хабарлайды 24KZ.

56 қызметкерден құралған жедел топ бүгін Ұлттық ұланның авиа-бортымен ұшып кетті. Ұшаққа су сору құралдары, қажетті апаттық-құтқару жабдықтары, су өткізбейтін костюмдер, байланыс жабдықтары мен жүзу құралдары тиелді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы полковник Нұрлан Атығаев жеке құрамның дайындығын тексеріп, нұсқама жүргізді. Құтқарушылар су басқан өңірдің қауіпті учаскелерінде барлық қажетті көмекті көрсетеді. Су сору-ағызу жұмыстарын жүргізіп, бөгеттерді нығайтумен айналысады.