500-ден астам адам эвакуацияланды

Ақмола облысындағы Есіл және Атбасар ауданынын су басу қаупі бар.

Оған Жабай мен Қызыл су өзендерінің көтерілуі себеп. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Қазір қос ауданнан 500-ден астам адам эвакуацияланды. Аймақтағы негізгі күш пен техника осы аудандарға жұмылдырылған. Жергілікті құтқарушылардан бөлек, Жамбыл, Шымкент пен Астанадан да мамандар тартылды. Бұдан бөлек, Жарқайың мен Шортанды аудандарындағы жағдай да күрделі. Құзырлы орган өкілдері қауіпті учаскелерді тәулік бойы күзетіп, бақылауға алған.

Асхат Ақылжанов, ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазіргі уақытта облыс бойынша 2 млн.текше метр су сорылды. 140 мың қап инертті материалдар төселді. 32 мың шақырым жаңа бөгет салынып, ескілері нығайтылды. Қазір облыстың солтүстік батыс және батыс аймақтарындағы өзендер қауіп төндіріп отыр. Сондықтан осы аудандарды бақылауымызға алдық.