Тұрмыстағы зорлық: екі бап Қылмыстық кодекске енгізілмек

Үй-ішінің берекесін кетіріп, отбасы мүшесіне қол көтергендер үшін енді жаза қатаңдатылады, деп хабарлайды 24KZ.

Бірер күн бұрын Сенатта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасы қаралған еді. Бұрын әкімшілік заңбұзушылық саналатын екі бап енді Қылмыстық кодекске енгізілмек. Атап айтқанда, соққыға жығып, денсаулыққа жеңіл не ауыр зардап келтірген бұзақы 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Яғни, бұл жаза жарақаттың ауырлығына қарай тағайындалады. Сондай-ақ жаңа құжат аудан, облыс деңгейіндегі әкімдіктерді тұрмыстағы зорлықтан жапа шеккендерге әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығын құруға міндеттейді. 

Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Сонымен бірге балалардың құқықтарын қорғау саласында екі жаңа норма енгізілді. Бұның бірекуі педофилияға қатысты, екіншісі кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін. Бұл жерде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.