Жамбыл облысында жаппай сенбілік өтіп жатыр

Ел аумағында өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Жамбыл облысының ауыл тұрғындары да белсенді атсалысып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Бір күннің өзінде шараға 16 мыңнан аса тұрғын қатысты. Олар саябақтар мен көшелерді тазалап, 300 тонна күл-қоқыс шығарды. Мәселен, Аса ауылының халқы 300 түп тал екті. Ағаш егу жалпы сенбілікке ұласты. Белсенді жастар ардагерлердің үйіне барып, шаруашылыққа қолғабыс етті.