Жезқазған жылу жинап жатыр

Ұлытаулықтар тасқын судан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинап жатыр.

Қайырымды жандар облыс орталығында құрылған «Жомарт жан» штабына азық-түлік әкеліп, қолдан келген көмегін көрсетуде. Шаруа қожалықтары мен этномәдени бірлестіктерден түскен қаржыға киім-кешек сатып алынды. Осыған дейін жиналған көмек Жезді кенті мен Жаңаарқа ауданына жіберілді. Ал бұл жолы Қостанай облысына жөнелтіледі.

Гүлбану Сейтжанова, қоғамдық келісім мекемесінің басшысы:

- Осы уақытқа дейін 600 келіге тарта азық-түлік өнімдері жиналды. Айтар болсақ, макарон өнімдері, сұйық май. Мысалға 90 литр сұйық май жиналып тұр. Бірінші керекті құрал-жабдықтар. Тұрмыстық құралдар. Қазіргі таңда тұрғындардан жылы төсек-орын жабдықтары келіп түсуде. Күнделікті қолданылатын заттар да қабылдануда. Тұрғындардың арасында белсенділік артып келеді.