Астрахан ауданын да су басты

Ақмола облысына қарасты Астрахан ауданы да сумен арпалысып жатыр.

Ондағы Колутон өзеніндегі су ернеуінен асып тұрғын үйлерге кіре бастады. Қазір 125 адам, оның ішінде 68 бала эвакуацияланды. Елді мекендегі жағдай қазір жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдай қызметі мен полиция қызметкерлерінің бақылауында.