ШҚО-дағы жауын-шашын тасқын қауіпін күшейтті

Шығыс Қазақстанда Алтай ауданы Соловьёва ауылында 7 үйдің ауласына су жайылды.

Еріген қар суы Березовка өзенін арнасынан асырып жіберген. Ауылдағы балалар  қауіпсіз жерге жеткізілді.Мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр.Қорадағы малды сақтау үшін де алдын ала қам жасалды. Дегенмен елді мекенде толық эвакуация болған жоқ.Ересектер  жағдайды бақылап отыр.Қазір су деңгейі 10-15см-ге төмендеді.Көпірді су шайып кетпес үшін, қосымша канал да салынды.Қазір ауылда бірнеше техника мен мамандар оқыс жағдайға дайын тұр.Өйткені толассыз жауған жаңбыр жағдайды ушықтыруы ықтимал.

Мұқан Төлебаев, Соловьев ауылдық округінің әкімі:

- Су осындағы 24 үйдің 16-сын айналып өтеді. Дегенмен  5 үй ойпатта тұр. Соларға үлкен қауіп бар. Қазір ол жерге кезекшілік қойып, бақылауға алдық. Тұрғындарға да ескерту жасалды.