Елде су тасқыны басталғалы 99 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Елде су тасқыны басталғалы 99 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Олардың 36 мыңнан астамы бала. Ал уақытша қоныстандыру пунктерін 6516 адам паналап отыр. Бұл туралы республикалық ақпараттық штабтың брифингінде айтылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 3513 жеке тұрғын үй су астында қалды. Бүгінге дейін жедел желі байланысына 1348 қоңырау келіп түскен. Зардап шеккен аймақтарға 1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Ерасыл Сайпаш ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері:

- ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8,9 млн. жуық текше метр еріген қар суы сорылды, 1,6 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. Су жүрген 110 автожол, су шайған 116 автожол, оның ішінде 9 көпір және 107 жол төсемі бақылауда.