Ақмола облысының 3 ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақмола облысының Атбасар, Жарқайың, Есіл аудандарында төтенше жағдай жарияланды.

Оған жергілікті Жаныспай, Жабай, Есіл, Қызылсу өзендерінде су деңгейінің көтерілуі себеп.

Қазір тұрғындар эвакуацияланып, төрт түлік қауіпсіз аймаққа айдалды. Өңірде 2 млн текше метр су сорылып, 150 мыңнан астам құм қапшықтарынан бөгеттер салынды. Тасқынның алдын алу үшін жалпы ұзындығы 200 км болатын каналдар мен арықтар тереңдетілді.