Су тасқынымен күрес. Ұлттық ұлан қосымша күш жіберді

Ұлттық ұландар құтқару ісіне ұйымдастырылды. Үкімет басшысының тапсырмасымен мыңнан аса жауынгер еліміздің батысы мен солтүстік аймақтарына аттанды.

Олар су басқан өңірлерде тасқынның алдын алу жұмыстарына, жапа шеккен жұртқа жәрдемдесуге жұмылдырылды.

Бұл мақсатта Шымкент, Қызылорда, Қарағанды, Астана қалаларында борышын өтеп жатқан сарбаздар сап түзеді. Қазір бас-аяғы 2 мың 700 ұландық пен 120 техника және әуе көліктері белсенді көмек көрсетіп жатыр.

Бұл туралы әскери құрылымның баспасөз қызметі хабарлады.