64 жастағы тұрғын жедел жәрдемге қайықпен жетті

Ақмола облысындағы Старый Колутон ауданының тұрғыны жедел жәрдем көлігіне қайықпен жеткізілді, деп хабарлайды 24KZ.

64 жастағы әйелдің қан қысымы көтеріліп, ауырып қалған. Оған жергілікті Төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары бірден көмекке келді. Әйел Астана қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, тиісті емін алды. Қазір оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.