Атырау қаласынан ұшатын әуе рейстерінің саны артты

Атыраудан ұшатын тікелей рейстердегі эконом-класс авиабилеттерінің шекті құны 40 мың теңге болып бекітілді.

Көлік министрлігі отандық әуе компанияларымен 24 сәуірге дейін қолжетімді бағаны ұстап тұруға уағдаласты. Министрлік билеттерді тек ресми сайттардан сатып алуға кеңес береді. Мемлекет басшысы әуе және теміржол тарифтерінің бағасы негізсіз өсуіне жол бермеу туралы бұған дейін де атап өткен болатын. Оған қоса, Атырау қаласындағы рейстердің саны ұлғайтылды. Бұған дейін қаладан аптасына 73 тұрақты рейс қатынайтын еді. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент бағытында тағы 49 рейс қосылды. Жолаушыларды тасымалдау сыйымдылығы 72 пайызға дейін өсті.