16 шипажай тасқыннан зардап шеккендерді тегін қабылдайды

Елдегі 16 шипажай су тасқынынан зардап шеккендерді тегін қабылдайды, деп хабарлайды 24KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, санаторийлік-курорттық ұйымның 12-сі Түркістан облысында орналасқан. Бұдан бөлек, Бурабай, Семей, Алматы және Ақтөбе облысының Алға кентіндегі шипажайлар да жапа шеккен азаматтарды қабылдайды.

Жалпы алғанда, бұл нысандар бір мезгілде 190 адамға қызмет көрсете алады.  14 күнге дейін жалғасатын оңалту курсында зардап шеккендердің барлығына, соның ішінде балаларға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі.