СҚО-да бірнеше шағынауданды су басуы мүмкін

Петропавлда бөгетті су жырып кетті. Салдарынан бірнеше шағынауданды су басу қаупі туындап отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл бөгетті биіктетіп нығайтуға арнайы мекемелердің жұмысшыларымен қатар жергілікті жүздеген тұрғын атсалысқан болатын. Бірақ, өкінішке қарай, мол суға шыдас бермеді. Ауданның алдыңғы көшелеріне су кіріп үлгерді. Ол жерде қараусыз жануарларды қабылдау бекеті болған. Бірнеше күн бұрын ол мекеме көшірілді. Қазір бұл аумақтан мыңдаған тұрғын қауіпсіз аумаққа көшіріліп жатыр. Облыстық Полиция департаментінің бастығы Есіл өзені жақтан су басып жатқан Ойқала шағынауданында және Кожевенный кентінде полицейлердің іс-қимылын өзінің жеке бақылауына алды. Су тасқынына қарсы шараларға тәртіп сақшылары, әскерилер, волонтерлер, дәрігерлер мен курсанттар жұмылдырылған.