Тасқынның екінші толқыны болуы мүмкін

Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар.

Бұл ақпаратты Қазгидромет растады. Су басқан аймақтарға 3 мыңнан астам Ұлттық ұланның сарбаздары жұмылдырылды. Тасқын басталғаннан бері Ұлттық Ұланның 120 әуе және автомобиль техникасы тартылған. Қауіпті аймақтан 1248 адам эвакуацияланды. 294 мың қапшық дайындалып, 91,5 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Бүгін кешке Орал және Атырау қалаларына темір жол көлігімен тағы 1000-ға жуық ұландықтар келеді. Сонымер қатар сарбаздар, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 3 ауысымда қоғамдық тәртіпті қадағалайды.