Тасқын басталғалы 107 мың адам құтқарылды

Су тасқыны басталғалы 107 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Оның 40 мыңға жуығы балалар. Уақытша қоныстандыру пунктеріне 7 мың 414 азамат орналастырылды. Қазіргі таңда Ақтау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 мыңға тарта жеке тұрғын үй, 1264 аула аумағы, 2 мыңнан аса саяжай су астында қалып отыр.

Ерасыл Сайпаш ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері:

- 9 млн 300 мың текше метр еріген қар суы сорылып шығарылды. 1 млн 900 мың қапшық және 1 млн 200 мың тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық құтқару жұмыстарында 35339 адам, 4 мыңнан астам техника және 14 әуе кемесі жұмылдырылған. 3000-нан астам тұрғын үй мен 2000-ға жуық аула аумағына су бұрылды. Еліміздің 8 өңірінде ол Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдай әрекет етеді.