Атырау өңіріне әскерилер көмекке келді

Атырау облысына Қарулы Күштердің мыңнан астам әскери қызметшісі көмекке келді, деп хабарлайды 24KZ.

Атап айтқанда, тасқынға қарсы іс-шараларға жәрдем көрсету үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерилері жұмылды. Біріккен құрам Шымкент, Тараз және Гвардейск гарнизондарында орналасқан әскери бөлімдерден жасақталған. Сондай-ақ 60-тан астам әскери және арнайы техника жетті. Әскерилерді Махамбет, Индер аудандарының елді мекендері мен Жаңаталап ауылына жіберу жоспарланып отыр. Онда олар жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізетін болады.