Елімізде алты мың тонна пестицидтің қолдану мерзімі өткен

Елімізде пайдалану мерзімі өткен 6 мың тонна пестицид бар екен.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығын дамытуға арналған конференцияда айтты. Химиялық қалдықтардың зиянын Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы тексерген. Мамандар химиялық тыңайтқыш мөлшері нормадан асқан егістіктердің және ескі қоймалардың тізімін жасауды 2021 жылы бастаған. Енді анықталған ескі пестицидтер жойылады. Сонымен қатар, топырақты зиянды қалдықтан тазарту жұмысы да назардан тыс қалмайды. Мамандардың айтуынша, пестицидтерді биологиялық препараттармен алмастыру экологиялық проблеманың бірден бір шешімі.

Әсел Қасенова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі өндірістік қалдықтар басқармасының бастығы:

- Пестицидтердің қалдығы еліміздің барлық аймағынан анықталды. Павлодар, Қостанай, Алматы облысы және әсіресе оңтүстік өңірлерде көптеп кездеседі. Онда соңғы жылдары пайдаланылған пестицидтер мен кеңес кезеңінен қалған пестицид қалдықтары бар.