Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардан 600 бала сауықтыру орталығына жіберілді

Эвакуациялау пункттеріндегі балалар мен олардың ата-аналары жатақханалар мен мектеп интернаттарға жайғастырылды.

Мәселен, 5 және 8 сынып оқушылары «Дарын», Білім және инновация, Назарбаев зияткерлік мектептерінің интернаттарына орналастырылса, жоғары сынып оқушылары колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына көшірілді. Оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыса бастады. Ал 600 бала сауықтыру орталықтарына жіберілді. Ақтөбе мен Атырау облыстарында студенттер ағымдағы бақылаудан босатылды. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен 10 өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы бақылауға алынды. Бағаны негізсіз көтергендерге қатысты 140-тан астам әкімшілік іс қозғалды. Төтенше жағдай орын алған аймақтарда 5 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалды.