Қонаев әскери гарнизоны солтүстікке көмек жеткізді

Қонаев гарнизонындағы әскери инженерлер тасқыннан зардап шеккен

СҚО-ның Прибрежное ауылына гуманитарлық жүк жеткізді.

Айналасын су басқан бұл елді мекенде көлік қатынасы үзілген. Сондықтан әскерилер паром өткелі арқылы барды. Олар электр мен су желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.

Төлеген Назаров, 58012 әскери бөлімінің командирі:

- Петропавл қаласына және Прибержное ауылына 58012 әскери бөлімі қызметшілері көмек жасауда, гуманитарлық көмекті. Суда жүретін транспортты техника арқылы және пантон-көпір арқылы жем-шөп, гуманитарлық көмек және т.б. техниканы жеткіземіз.