Кәсіпкерлер айыппұлмен келіспеген жағдайда өз құқығын қорғай алады

Қазақстандықтар негізсіз салынған айыппұлдармен келіспей, өз құқықтарын жиі қорғауға міндетті.

Еліміздің жетекші заңгерлері мен судьялары осындай пікірде. Өскеменде әкімшілік құқықтың ғылыми-тәжірибелік форумы өтті. Сарапшылар шағын бизнесті қорғау және оны тексерудің дәйектілігі турасында ой қозғады. Кейбір экономикалық дауларды сотқа жеткізбей медиаторлардың көмегімен шешудің тиімділігі айтылды. Бұдан бөлек мамандар сот жүйесін одан әрі реформалау тұрғысында өз ұсыныстарын білдірді. 

Фархад Камалов, қалалық әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сот төрағасы:

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы әлі де жетілдіруді қажет етеді. Оның жақында қол қойылған блогында кәсіпкерлік кодекстің бірқатар баптарының жетіспейтін тұстары қозғалған.  Бұл тармақта «егер тексеру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ережені бұза отырып жасалған болса, бұл іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға тікелей негіз болады» делінген.