«Наурыз» бағдарламасына өтінім бергендер көп

«Наурыз» бағдарламасы басталған алғашқы күні 3347 өтінім түсіп, оның 1124-і сәтті қабылданды, деп хабарлайды 24KZ.

Тұрғын үйге өтінім қабылдау 30 маусымға дейін жалғасады. Бағдарламаға қатысуға ниет білдіргендер арасында 24 пен 35 жас аралығындағы жастар көш бастап тұр.