Астанада қойма өртенді
Астанада қойма ғимараты отқа оранды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қызыл жалын қойманың шатырын шарпыған. Оқиға орнына жылдам жеткен құтқарушылар өртті 20 минуттың ішінде оқшаулап үлгірді. Абырой болғанда, күйік шалғандар мен қаза тапқандар жоқ. Қызыл жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.
Максим Тесля, Нұра ауданы ТЖБ бастығының міндетін уақытша атқарушы:
- Оқиға орнына келгеннен соң 5 минуттан кейін өрттің жоғары санаты жарияланды. Яғни алғаш болып келген техникалар мен адам саны жетпеді. Сондықтан қосымша күш шақыртылды. Жалпы бұл өртті сөндіруге 14 техника мен 51 құтқарушы жұмылдырылды.