Абай облысындағы шахтада газдан уланған кенші қайтыс болды
Абай облысындағы Орлов шахтасында 2 кенші газдан уланды.
Жұмысшылардың бірі ауруханаға барар жолда жан тапсырған. Екіншісі аман. Оған дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Оқиға бүгін күндіз сағат 10:40-та орын алып, шахта диспетчеріне жұмысшылардың зиянды газдан уланғаны туралы ақпар түскен. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Компанияның басқарма төрағасы Андрей Третьяков та тергеу жұмыстарына қатысады. Басшылық тарапынан марқұм кеншінің отбасына қажетті көмек көрсетіледі, деді жауаптылар.