ҚМА криптоактивтер ісі бойынша 3,2 млн USDT тәркіледі

Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) «RAKS Exchange» криптосервисіне қатысты іс аясында 3,2 млн USDT көлеміндегі цифрлық активтерді тәркіледі, деп хабарлайды «24KZ».

Агенттіктің мәліметінше, бұл сервис қылмыстық кірістерді, соның ішінде есірткі саудасы мен интернет-алаяқтықтан түскен қаражатты жылыстатуға пайдаланылған. Тергеу барысында  платформа арқылы 200-ден астам есірткі интернет-дүкенінің транзакциялары өткендігі анықталған. Жалпы айналымы 224 млн АҚШ долларынан асқан.

Ауқымды криптотергеу нәтижесінде 4 000-нан астам криптоәмиянға талдау жүргізіліп, 9,7 млн USDT бұғатталды. Соның ішінде 3,2 млн USDT тәркіленіп, ҚМА-ның арнайы шотына аударылды.

ҚМА бұл бағыттағы жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлады.