ШҚО-да орман өрті сөндіріліп жатыр
Приморск орманшылығының аумағында құрғақ шөп пен ағаштар өртеніп, оған Төтенше жағдайлар министрлігі авиациясының тікұшағы жұмылдырылды.
Әуе кемесі арқылы 21 тонна су шашылды. Оқиға орнында орман шаруашылығы қызметкерлері мен Төтенше жағдай департаментінің арнайы күштері жұмыс істеп жатыр. Қызыл жалынды сөндіру жұмыстары желдің екпініне байланысты күрделене түскен. Дегенмен құтқарушылар өрттің таралуын тоқтата алды. Қазіргі жағдай бақылауда.