Өскемендегі жарылыстан 2 адам қаза тапты

Фото: ТЖМ

Өскеменде «Қазцинк» зауыты аумағындағы шаң жинау қондырғысында жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды «24kz».

Ғимараттың бір бөлігі  қирады. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген екі адам қайтыс болды. 9 адамға медициналық көмек көрсетілді. Ал біреуіне зауыт басында реанимациялық көмек жасалды. Оқиға орнында 10 техника мен 40 маман жұмыс істеп жатыр.

Қазір өрт оқшауланды. ТЖМ жанынан жедел штаб құрылды. Оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірді.

Өскемендегі жарылысты Премьер-министр Олжас Бектенов жеке бақылауына алып, тиісті тапсырма бергенін айтқанбыз.