«Казцинк» қызметкеріне көмек: Астанадан арнайы дәрігерлер жіберіледі
Өскемендегі өндірістік оқиға кезінде зардап шеккен «Қазцинк» қызметкеріне медициналық көмек көрсету үшін республикалық деңгейдегі мамандар тартылады, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы «Қазцинк» компаниясының әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды.
Компания мәліметінше, науқасқа көмекті күшейту мақсатында Астанадан Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы дәрігерлері арнайы бортпен Өскемен қаласына барады.
Бұған дейін орталықтың бейінді мамандарымен телемедициналық кеңес өткізіліп, науқасты емдеудің тактикасы келісілген.
Айта кетейік, зардап шеккен қызметкер қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауымен ем қабылдап жатыр