Павлодар облысындағы шағын ұшақ апатынан жараланған ұшқыш ауруханаға жеткізілді

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады.

Оқиға бүгін таңертең Железин ауылы маңында болған. Әуе кемесі авиациялық-химиялық жұмыстарды орындау кезінде электр желісіне соғылған. Ұшақ бортында екі экипаж мүшесі болды. Апат салдарынан бір ұшқыш қаза тапты. Екіншісі 1998 жылы туған. Оны құтқарушылар алып шыққан. Ол есін біледі. Железин аудандық ауруханасынан санитарлық авиация бортымен Павлодардағы №1 ауруханасының жеткізілді. Бұл авиациялық оқиға Көлік министрлігіне қарасты Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаменті тарапынан тексеріледі. Оқиға орнына департамент қызметкерлері жіберілді.