Қарағандыда жол жөндеу кезінде жұмысшы қаза тапты

Фото: depositphotos.com

Қарағандыда жол жөндеу кезінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Алдын ала мәлімет бойынша, жол жөндеу жұмыстары кезінде асфальт тығыздағыштың жүргізушісі кері қозғалыс барысында жұмысшыны басып кеткен.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, ер адам оқиға орнында қаза тапқан. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, Республика даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Дүйсембеков көшесінен Шахтёрлер даңғылына дейінгі аралықта жолдың бір бөлігі уақытша жабылған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз