Қостанай облысында КамАЗ-бен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты
Қостанай облысында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды. Апат ҚАЗ-19 автожолында, Семилетка ауылының маңында болған, деп хабарлайды «24KZ».
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жолда КамАЗ бен мотоцикл соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.
«КамАЗ» жүргізушісі маневр жасау кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, мотоциклмен соқтығысқаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады, – деді Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз