Қою түтін басқан үй: Алматыда 127 адам құтқарылды

Алматының Бостандық ауданында 16 қабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды «24KZ».

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қою түтін басқан үйден 127 адам эвакуацияланды. Олардың арасында төрт бала бар.

Оқиға Абай даңғылы бойындағы 16 қабатты үйдің 9-қабатында болған. Пәтердегі жиһаз тұтанған.

Өрт сөндірушілер келген кезде үйдің кіреберісін қою түтін басып қалған. Мамандар бірден тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

Құтқарушылар баспалдақ арқылы 42 адамды сыртқа шығарды. Ал түтіннен қорғайтын арнайы құрылғылардың көмегімен тағы 85 адам құтқарылды. Олардың төртеуі – балалар.

Өрт көп ұзамай сөндірілді. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер туралы «112» қызметіне ақпарат түскен жоқ.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: