Астанада құрылыс кезінде кран құлап, бір адам мерт болды
Астанада 27 тамыз күні құрылыс жұмыстары кезінде кран құлап, машинисі қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті оқиға болғанын растады.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары жеткенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Ол алған жарақатынан көз жұмды.
Қазір оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтауда.