Шымкентте инвесторларға кедергі келтірген шенеуніктер жауапкершілікке тартылды

depositphotos.com

Шымкентте инвесторлардың жұмысына негізсіз кедергі келтірген лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 865 мың теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды«24KZ».  

Қаратау ауданының прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшесінің заңсыз әрекеттері әшкереленді.

Тексеру кезінде ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға қажетті фитосанитариялық сертификаттарды беру барысында кәсіпкерлерге негізсіз кедергілер жасалғаны анықталды. Аталған заң бұзушылықтар бойынша мекеме басшысы мен жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 4-бөлігіне сай әкімшілік құқықбұзушылық туралы 4 хаттама толтырылды.

Қазіргі таңда салынған айыппұлдар толық көлемде өндіріліп, прокуратура тарапынан инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы бақылау шаралары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз: