Каспийдегі әскери жаттығу кезінде құтқарылған үш адам ауруханаға жатқызылды

Маңғыстау облысында теңіздегі әскери оқу-жаттығу кезінде 9 адам қайтыс болды.

Оқыс оқиға Әскери-теңіз күштерінің Каспий жағалауындағы жаттығуы барысында болған. Ауа райының күрт нашарлауынан қатты жел тұрып, барлығы "18 жауынгерді теңізге алып кеткен. Қазір үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлады",- Қорғаныс министрлігі. Оқиға орнына құтқарушылар мен қажетті техника дереу жіберілді. Қалған жауынгерлерді іздеуге Әскери-теңіз күштерінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды. Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың басшылығымен арнайы комиссия Маңғыстау облысына шұғыл аттанды. Қаза болғандардың отбасыларына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетіледі. Арна тілшілері оқиғаның мән-жайына қатысты ресми ақпаратты бақылауда ұстап отыр. Тергеу мен іздестіру жұмыстарының барысын жедел жеткізіп отырады.

Сондай-ақ оқыңыз: