Ұлдана Мырзуанның анасы Жұбаниязованы бас бостандығынан айырмауды сұрады

фото: кадрдан

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі кезінде марқұмның анасы Сәлима Ешенқұлова сотқа өтініш білдірді, деп хабарлайды 24KZ.

Сәлима Ешенқұлова соттан істің мән-жайын толық әрі жан-жақты қарастырып, әділ шешім қабылдауды сұрады. Сонымен қатар ол Сәуле Жұбаниязова кінәлі деп танылған жағдайда, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды өтінді.

Сәуле Жұбаниязова да ана, мен де анамын. Оның екі баласы бар. Мен Алланың, тағдырдың қалауымен қызымнан айырылдым. Ал оның балаларының анасынан тірідей айырылғанын қаламаймын. Егер кінәлі деп танылса, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраймын. Ақша менің Ұлданамды қайтармайды, ешқандай өтемақы оның күлкісін, дауысын, тынысын қайтара алмайды, – деді Сәлима Ешенқұлова.

Сондай-ақ оқыңыз: