Каспийдегі төтенше жағдайдан кейін құтқарылған әскери қызметші есін жиды

фото: кадрдан

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде болған төтенше жағдайдан кейін ауруханаға жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты. Қазір ол терапия бөлімінде ем алып, дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров мәлімдеді.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты әскери қызметшілердің бірі облыстық ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға түскен кезде оған барлық қажетті тексерулер жүргізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Әскери қызметші терапия бөлімінде ем алып жатыр және медицина қызметкерлерінің тұрақты бақылауында, – деді Бекболат Ізбасаров.

Еске салайық, қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауынан орын алып, нәтижесінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: