Петропавлда қонақүйдегі өрттен екі адам құтқарылды
Петропавлда қонақүйдегі өрт кезінде 2 адам құтқарылды, деп хабарлайды 24KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға Петропавлдағы Жаңа көшесінде болған. Екі қабатты қонақүйдің екінші қабатындағы бөлмеден өрт шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, кондиционердің қысқа тұйықталуынан жиһаз тұтанған. Өрт 2 шаршы метр аумақты шарпыған.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минут ішінде жеткен. Құтқарушылар өрт шыққан бөлменің балконынан 2 адамды анықтаған. ТЖМ қызметкерлері оларды үш буынды сатының көмегімен екінші қабаттан құтқарды.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылар электр құрылғылары мен кондиционерлердің жарамдылығын үнемі тексеріп отыруға кеңес береді. Өрттің алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.