Қостанай облысында көлік пойызбен соқтығысты

фото: Қостанай облысы Полиция департаменті

Қостанай облысының Жітіқара қаласында Lada Kalina көлігі теміржол өткелінде локомотивпен соқтығысты, деп хабарлайды 24KZ.

Жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамастан, теміржолға шығып кеткен. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Полицияның мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және теміржол өткелдерінен өту кезінде бағдаршам мен жол белгілеріне назар аударуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз: